15-17 маусымда Астанада халықаралық триатлон жарысы  өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

15-17 маусымда Астанада халықаралық триатлон жарысы  өтеді

13.06.2018
15-17 маусымда Астанада халықаралық триатлон жарысы  өтеді

15-17 маусымда Астанада Орталық Азия мен ТМД елдерінің аумағында BI Group Ironman 70.3 Astana халықаралық триатлон жарысы  өтеді.

 

BI Group Ironman 70.3 – әлемде ең танымал триатлон жарысы. Дистанцияға үш үздіксіз кезең кіреді: жүзу (1,9 км), веложарыс (90 км), жүгіру (21,1 км).  Жалпы ұзындығы 113 шақырым . Жарыстар бүкіл әлемде спорттың бұл түрінің барлық табынушылары үшін ашықтықпен танымал: қатысушылардың арасында, әдетте, кәсіби спортшылар мен әуесқойлар, әртүрлі жастағы және түрлі кәсіпті меңгерген әйелдер мен ерлер бар. Ұйымдастырушылар сонымен қатар, белсенді өмір салтына ұмтылатын мүмкіндігі шектеулі адамдардың қатысуын әрдайым қолдайды.

 

Астанадағы жарысқа әлемнің 47 елінен 1300 спортшы тіркелді, олардың ішінде шамамен 700 қазақстандық бар.

 

Іс-шараны тиімді ұйымдастыру мақсатында қала қонақтары мен спортшыларға көмек көрсететін 500 «QVolunteers» еріктісі тартылатын болады.

 

BI GROUP IRONMAN 70.3 Astana бірінші халықаралық триатлон жарысы шеңберінде 5-17 жастағы балаларға арналған IRONKIDS, 10-15 жастағы балаларға арналған IRONKIDS DUATHLON тегін балалар старттарын өткізеді. 

Хабарламаларға жазылу