17-маусымда Астанада халықаралық айтыс өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

17-маусымда Астанада халықаралық айтыс өтеді

16.06.2014
17-маусымда Астанада халықаралық айтыс өтеді
17-маусым, сағат 17.00-де Астанадағы «Бейбітшілік және келісім» сарайында Ер Жәнібек Бердәулетұлының 300 жылдық мерейтойына арналған «Ел қорғаған Ер Жәнібек» атты халықаралық айтыс өтеді.
 
Шараны «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры және  Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы бірлесіп ұйымдастыруда.
 
Айтысқа Қытайдан Қанатбек Зәйтоллаұлы, Анаргүл Бәделхан, Моңғолиядан Сәтжан Тілашқан секілді қандастарымыз қатысады деп күтілуде.
 
Ал, Мақсат Ақанов, Айбек Қалиев, Қарлығаш Әубәкірова, Еркебұлан Қайназар, Әсем Ережеқызы, Бауыржан Халиолла, Иранғайып Күзембаев, Ержеңіс Әбді, Ринат Зайытов, Жақсылық Орынбасар, Мейірбек Сұлтанхан сынды ақындар Қазақ елінің атынан сөз сайыстырады.
 
aitysker.com
 
 

 

Хабарламаларға жазылу