Бакуде өтетін Формула-1 Еуропа Гран-при жарысында Энрике Иглесиас пен Крис Браун өнер көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бакуде өтетін Формула-1 Еуропа Гран-при жарысында Энрике Иглесиас пен Крис Браун өнер көрсетеді

14.04.2016
Бакуде өтетін Формула-1 Еуропа Гран-при жарысында Энрике Иглесиас пен Крис Браун өнер көрсетеді

Бакуде өтетін Формула-1 Еуропа Гран-при жарысы кезінде концерт беретін әлемдік жұлдыздар анықталды. Report-тың хабарлауынша, концерттік бағдарлама барысында Крис Браун, Энрике Иглесиас және Фаррель Уильямс өнер көрсетпек.

Формула-1 қалашығында орналасқан арнайы сахнада 17 маусымда Крис Браун, 18 маусымда Энрике Иглесиас, ал, 19 маусымда Фаррель Уильямс ән салады.

Айта кету керек, мұнда кіру тегін. Алайда, концертті тек Формула-1 Еуропа Гран-при жарысына билеті барлар ғана тамашалай алады. 

Хабарламаларға жазылу