Басты Жаңалықтар FIFA-2018. Ұлттық арна футболдан Әлем чемпионатын көрсетеді

FIFA-2018. Ұлттық арна футболдан Әлем чемпионатын көрсетеді

Футболсүйер қауымға қуанышты жаңалық. Ресейде өтетін футболдан Әлем чемпионатын «Qazaqstan» Ұлттық арнасы бастан-аяқ көрсетеді. Көрермендер маусымның 14-нен бастап дүбірлі доданың 64 матчын түгел тамашалайды.

Чемпионат басталар күні Ұлттық арнаның тікелей эфирінен «Қазмедиа орталығының» медиа-фасадында әлемдік доданың ашылу рәсімі мен Ресей-Сауд Арабиясы құрамаларының топтық кезеңдегі ойынын көрсету жоспарланып отыр. Астана тұрғындары мен қонақтары «Нұрлы жол» бульварына келіп, тарихи сәтті аспан астында тамашалай алады. «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары 2022 жылы Катарда өтетін Әлем чемпионатын да трансляциялау құқығын алды.

Ерлан Қарин, «Qazaqstan» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы:

-14 маусымнан 15 шілдеге дейін әр ойынның алдында «Ресейдегі футбол тойы»  атты ақпараттық-сараптамалық бағдарлама шығатын болады. Мұнда алдағы ойындардың ерекшеліктері талданады. Сонымен қатар, өткен матчтарға байланысты күн сайын және апталық шолулар жасалады.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу