Елімізде этноспорт түрлерінен олимпиада өтуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде этноспорт түрлерінен олимпиада өтуі мүмкін

01.06.2018

Теңге ілу, көкпар, аударыспақ сынды ұлттық спорт түрлері бүкіләлемдік бәсекеге түседі деп күтілуде. Өйткені, ЮНЕСКО 2021 жылы елімізде этноспорт түрлерінен Олимпиада өткізуге ниеттестігін білдірді. Сөйтіп, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрметті президенті Қайрат Сатыбалдыұлы және ЮНЕСКО-ның Дәстүрлі спорттар мен ойындар комитетінің төрағасы Халил Ахмед Хан өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Былтыр халықаралық ұйымның материалдық емес мұралар тізіміне қазақ күресі, саятшылық пен асық ату енген болатын. Шетелдік қонақтар маусымның 1-2 күндері аралығында өтетін Азия чемпионаттарына қатысып, этноспорттың қарқынын байқамақ.

Марселлин Дэлли, ЮНЕСКО-ның Дәстүрлі спорттар мен ойындар комитетінің үйлестірушісі:

- Латын Америкасынан, Америкадан, Азия елдерінен осы шараны өткізуге үлкен қызығушылық болды. Қазақстан осыған қатысты біздің күткен ойымыздан да асырып ұсыныс жасады. Енді тек бірлесе қызу жұмыс істеп, белсенділік танытсақ, сіздің елде өтуі әбден мүмкін.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу