Альпинист Мақсұт Жұмаев Эверест шыңын екінші рет бағындырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Альпинист Мақсұт Жұмаев Эверест шыңын екінші рет бағындырды

31.05.2018

Бұл жолғы жетістігін ол Астананың 20 жылдығына арнаған. Мақсұт бұған дейін Эвересттің солтүстік жағынан көтерілген еді. Осы жолы Оңтүстік бетімен биікке шықты. Жалпы, әлемде осы шыңның екі жақ бетімен өрмелеген он альпинист қана бар. Қазақ баласы солардың қатарына енді. Елге жеңіспен оралған батыр журналистермен жүздесіп, сапары туралы кеңінен баяндады. Сүрлеуі көп миссияны орындау барысында түрлі қиындықтар болыпты. Сондай-ақ, Мақсұт Жұмаев алдағы жоспарларымен де бөлісті.

Мақсұт Жұмаев, ҚР Қарулы күштерінің капитаны, альпинист:

- Менің жоспарлап жүрген идеям бар. Яғни, қазақстандық азаматшаны, нақтырақ - қазақ қызының Эверестті бағындыруына себепкер болғым келеді. Сондай үлкен істі ұйымдастырсам ба деймін. Себебі, қазақта Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сияқты батыр қыздар көп болған. Қазір де бар.

Хабарламаларға жазылу