Басты Жаңалықтар «Қазақстан» корпорациясы «Qazaqstan FIGHTER» атты жаңа спорттық реалити-шоу ұсынады

«Қазақстан» корпорациясы «Qazaqstan FIGHTER» атты жаңа спорттық реалити-шоу ұсынады

Ұлттық арнада - жаңа жоба. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Qazaqstan FIGHTER» атты жаңа спорттық реалити-шоуды көрермен назарына ұсынады. Бірегей жобада әуесқой жас спортшылар аралас жекпе-жектен сынға түседі. Реалити-шоуға 66 келіге дейін салмақтағы 18 бен 28 жас аралығындағы кез келген қазақстандық қатыса алады. Ол үшін «kazsporttv.kz» сайтына өтініш беріп, өзі туралы фото, видео мәліметтер жіберуі керек. Жобаның кастингі маусымда, түсірілімі шілдеде жүреді. Қыркүйектен бастап «Qazaqstan» және «Qazsport» арналарында көрсетіледі. Жоба жеңімпазы 5 млн. теңге мен «Qazaqstan FIGHTER» арнайы белдігіне ие болады. Сайысқа кәсіби боксшы Бейбіт Шүменов секілді спорт жұлдыздары қазылық етеді. Брифингте сондай-ақ, әлем чемпионының жекпе-жегі «Qazaqstan» және «Qazsport» арналарынан тікелей эфирде көрсетілетіні айтылды.

Бейбіт Шүменов, кәсіпқой боксшы:

- Шілденің 7-де «Әлемдік бокс кеші» жарысы өтеді. Ол жерде басты бәсекеде өзім шығамын. Қарсыласым Туркия боксшысы.

Нұраддин Садықов, «Qazaqstan FIGHTER» жобасының спорт кеңесшісі:

- Іріктеу кезеңі бірнеше турдан тұрады. Финалдық кезеңге өткен 16 қатысушы Алматы қаласының маңында, яғни, Іле Алатауларының баурайында спорттық базалардың бірінде арнайы жаттығады. Өзара сынға түседі.  Финалдық ойындарды желтоқсан айында «Балуан Шолақ» спорт сарайында өткізуді жоспарлап отырмыз.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Бөлісу