Спорттық шараға еліміз бен шет мемлекеттерден барлығы үш мыңға жуық адам қатысты. 150-ден аса желаяқ 42 шақырымды бағындырып, 1000-ға жуық ерікті 10 шақырым жерді жүгіріп өтті. Ал, қала тұрғындары мен қонақтары 4 500 метрлік жарыс жолында бақ сынады. Сәйкесінше, ауқымды додада оза шапқан жүйріктерге бағалы сыйлықтар табысталды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, марафон келер жылы да жалғасын таппақ. Ол кезде 5000-ға жуық адам қамтылады деп жоспарлануда.
Ғамзат Шабдан, жүлдегер:
- Мен оныншы рет қатысып отырмын. Жақсы көрсеткіш көрсеттім.
Трейси Куин, марафонға қатысушы /Австралия/:
- Керемет әсердемін. Осы спортпен шұғылданғаныма 10 жыл. Жасым 57-де. Жайық жағасындағы жарыс жолымен жүгіруім ерекше болды. Ұйымдастырушыларға рахмет айтамын.
Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.