Қысқы Паралимпиада ойындарының тарихында Қазақстан үшін алтын медаль алған тұңғыш спортшы Александр Колядин келесі Паралимпиадаға қатысуға ниетті. Шаңғышы бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында айтты. Сондай-ақ, ел үмітін ақтағаны үшін қуанышты екенін жеткізді. Айта кетейік, Қысқы Паралимпиада ойындары наурыздың 9-18-і күндері Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтті. Жарысқа әлемнің 47 мемлекетінен 450 спортшы барған. 6 спорт түрінен 80 медаль тартысқа салынды. Елімізден 6 спортшы екі спорт түрінен бақ сынады. Солардың арасынан Александр Колядин шаңғы жарысынан алтынды алқалаған болатын.
Александр Колядин, Паралимпиада чемпионы:
- Ассалаумағалейкум, қазақстандықтар! Мен сіздерді қуанттым деген үміттемін. Сіздерді Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Барынша тырысып, сіздерге жақсы сый әкелдім деп ойлаймын.
Азамат НҰҒЫМАНОВ