Паралимпиада чемпионы Александр Колядинге 250 мың сыйақы мен пәтер беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Паралимпиада чемпионы Александр Колядинге 250 мың сыйақы мен пәтер беріледі

20.03.2018

Кореяның Пхенчхан қаласында атой салып, Қазақстанның қысқы спорт тарихында тұңғыш рет чемпион атанған Александр Колядин елге оралды. 1,5 шақырымдық қашықтықта алдына жан салмай тұғыр төрінен көрінген паралимпиадашыға әуежейда лайықты құрмет көрсетілді. 45 жастағы атлет осы уақытқа дейін бірнеше халықаралық додаларда жүлде алып жүрген. Алайда, осы жолғы жетістігі таңдай қақтырды. Паралимпиадада топ жарған Александр Колядинге енді өзіне тиесілі 250 мың доллар сыйақы табысталды. Сондай-ақ, алдағы уақытта спортшыға жаңа пәтердің кілті берілмек

Александр Колядин, Паралимпиада чемпионы:

- Осы уақытқа дейін атқарған еңбегімнің еш кетпегеніне қуанамын. Маған сенген барша қазақстандықтарға рахмет. Алтын аламын деген ой болған жоқ. Ең бастысы, лайықты өнер көрсету еді. Алайда, бұл жолы сәттілік жолдас болды.

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу