Павлодарда өтіп жатқан 7-ші Қысқы Универсиада ойындары аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда өтіп жатқан 7-ші Қысқы Универсиада ойындары аяқталды

12.03.2018

Бас жүлдені Павлодар Мемлекеттік педагогикалық университеті жеңіп алды. Күміс медаль Қостанай педагогикалық институты ұжымына бұйырса, қола Қарағанды мемлекеттік университеті студенттерінің қанжығасына байланды. Байрақты бәсекеге еліміздің 38 жоғарғы оқу орнынан 2000-ға тарта спортшы қатысты. Бұл - рекордтық көрсеткіш. Бұған дейінгі Универсиадаларға қатысушылар саны 900-ден асқан емес. Мамандардың айтуынша, Павлодарда өткен жарыс байрақты бәсекелерде ел намысын қорғайтын студент жастар қатарының көбейгенін көрсетіп отыр.

Құлтас Достанов, Ұлттық ғылыми-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының бас маманы:

- Үлкен нәтижелер болды. Сонымен есте қалады. Барлық жарыс бір қалада өтті. Тек биатлон Щучинск қаласында өтті. Жоғары деңгейде болды деп есептейміз. Ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз.   

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу