Ұйымдастыру комитеті Универсиада-2017 медалінің дизайнын бекітті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұйымдастыру комитеті Универсиада-2017 медалінің дизайнын бекітті

23.08.2016
Ұйымдастыру комитеті Универсиада-2017 медалінің дизайнын бекітті

2017 жылы Алматыда өтетін 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы өткізуге дайындық жөніндегі Ұйымдастыру комитетінің шешімімен алдағы студенттік ойындар медальдарының эскизі бекітілді, деп хабарлады pm.kz сайты.

Алматыда көшпелі отырыс өтіп, онда спорттық жарыстардың басты атрибуттарының бірі көрсетілді. Универсиада-2017 дирекциясының басшысы Наиль Нұров Ұйымдастыру комитетінің мүшелеріне алдағы ойындардың медальдарын көрсетіп, ол туралы айтып берді.

«Медаль классикалық үлгіде, металлдан құйылған, алтын, күміс және қола түрінде жасалған. Медальдың алдыңғы бетінде Универсиада логотипі бейнеленген. Арғы бетінде FISU логотипі, ойындардың аты және өтетін жері орналасқан», - деді Н. Нұров.

Өз сөзінде ол Универсиада-2017 кезінде 86 медаль жиынтығы, барлығы 543 марапат ойнатылатынын айтты.

Хабарламаларға жазылу