Талдықорғандықтар  Арман Әшімовке құрмет көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғандықтар  Арман Әшімовке құрмет көрсетті

14.02.2018

Талдықорғандықтар ММА аралас жекпе-жегінен уақытша чемпион атағын жеңіп алған Арман Әшімовке құрмет көрсетті. Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық жекпе-жек шебері Арман Әшімов Ресейде өткен М-1 челендж 87 аралас жекпе-жек турнирінде жеңіске жетті. Спортшы 2-ші раундта финдік Микаэль Силандерді нокаутқа жіберіп, ең жеңіл салмақ санатында уақытша чемпион атанды. Арман Әшімов Алматы облысы Талғар ауданының Бесағаш ауылында дүниеге келген. Жетісулық жас спортшы қазір ММА спортынан Қазақстан чемпионы. 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу