Бүгін — Оңтүстікте «Құрмет күні» аталып өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін — Оңтүстікте «Құрмет күні» аталып өтуде

19.03.2015
Бүгін — Оңтүстікте «Құрмет күні» аталып өтуде

Мерекелік бағдарламаға сай бүгін өңірде «Құрмет күні» болып белгіленіп, оның аясында жас ұрпақ абзал қарияларға құрмет көрсетті. Қариясын қазынаға балайтын Оңтүстік жұртшылығы осылайша ұрпақтар сабақтастығы дәстүрін жаңғыртып отыр, деп хабарлайды ОҚО баспасөз қызметі.

Атаулы дата аясында қала әкімінің орынбасары бастаған топ, қаладағы қарттар мен мүгедектерге арналған орталыққа барды. Медициналық-әлеуметтік мекеме тұрғындарына құрмет көрсетті.

Мереке аясында Жеңістің 70 жылдығына орай 443 майдангер мен 21 мыңға жуық тыл еңбеккерлеріне жас буын өкілдері сый-құрмет көрсетіп, алғыстарын жеткізді.

Мұнымен қоса шаһарда орналасқан қарттар үйіндегі жалғызбасты 250 қарияға қала әкімдігі тарапынан сый-сияпат жасады. Мұндай игі шаралар аудан, қалаларда да өтуде.

Хабарламаларға жазылу