Қызылордада ардагер спортшылар арасында футболдан республикалық турнир өтті. Шара аты аңызға айналған футболшы, білікті бапкер Әбіл Қалымбетовті еске алуға арналған. Әбіл Қалымбетов қазақ футболының дамуына сүбелі үлес қосқан азамат. 1968 жылы елімізде алғаш құрылған командалардың құрамында болып, үздік ойыншы ретінде танылған. Ол жергілікті клубтың сапында 20 маусым бойы үзіліссіз доп теуіп, 700-ге жуық ойынға қатысты. Саналы ғұмырын спортқа арнаған кәсіби маманды еске алуға арналған турнир 5 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.
Дана Саймағанбетова, Ә.Қалымбетовтің жары:
- Біз биыл алтыншы мәрте кездесіп тұрмыз. Әбілдің аты ұмытылмағанына ризамын. Ол табандылығының арқасында көп тер төкті. Тек жеңіске ұмтылатын. Әбіл Арынұлымен алаңда бірге ойнаған достары, замандастарын біріктірген турнир алдағы уақытта да жалғасады деп ойлаймын.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ