Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварестің қарымта жекпе-жегі мамырдың 5-де өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварестің қарымта жекпе-жегі мамырдың 5-де өтеді

30.01.2018

Бокстан орта салмақтағы WBA, IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварестің қарымта жекпе-жегі мамырдың 5-і күні өтетін болды. Бокс кешінің қай қалада өтетіні алдағы аптада анықталмақ. Бұл бәсекеде Головкин өзінің барлық чемпиондық белбеулерін, ал Альварес «The Ring» журналының чемпиондық белбеуін ортаға салады.

Қазір екі тарап кездесуден түсетін қыруар қаражатты бөлісу жайын бекітіп, құжаттарды саралауда. Өткен жылы Лас-Вегас шаршы алаңында тең түскен Геннадий Головкин 25 миллион, ал мексикалық былғары қолғап шебері 35 миллион доллар таза табыс көрген еді. «Әлемдік жанкүйерлердің назарын аударған тарихи бокс кешін ұйымдастырушылар бұл жолы одан үш есе көп пайда көруі мүмкін», -  дейді мамандар.   

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу