«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары Головкин-Канело трилогиясын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары Головкин-Канело трилогиясын тікелей эфирде көрсетеді

17.09.2022
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары Головкин-Канело трилогиясын тікелей эфирде көрсетеді

«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары Головкин-Канело трилогиясын тікелей эфирде көрсетеді

18 қыркүйек күні Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) IBF және WBA бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек өтеді. Бокс әлемінде жылдың басты жекпе-жегі саналған трилогияны «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей эфирден көрсетеді.

Жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақытымен 18 қыркүйек күні сағат таңғы 06:00-де басталады.

Боксшылар бұл кездесуде екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын сарапқа салады.

Жекпе-жек сонымен қатар «Qazaqstan.tv» қосымшасынан, qazaqstan.tv және qazsporttv.kz сайттарынан онлайн трансляцияланады.

Хабарламаларға жазылу