Геннадий Головкин орта салмақтағы WBC чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин орта салмақтағы WBC чемпионы атанды

19.05.2016
Геннадий Головкин орта салмақтағы WBC чемпионы атанды

Дүниежүзілік бокс кеңесі «Golden Boy Promotions»-тен Сауль Канело Альварестің орта салмақтағы WBC белдігінен бас тартқаны туралы ресми хабарлады.

«Геннадий Головкин WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы атанды. WBC  Канелоға  карьерасында сәттілік тілейді, болашақта Головкин-Альварес жекпе-жегін көруге ниеттіміз». - делінген ұйым қаулысында.

Г.Головкин бұған дейін WBA (Дүниежүзілік бокс ассоциациясы), IBO (Халықаралық бокс ұйымы) және IBF (Халықарылқ бокс федерациясы), ал, бүгін мексикалық Сауль «Канело» Альварес Геннадиймен болатын жекпе-жектен бас тартып, WBC (Дүниежүзілік бокс кеңесі) белдігін Головкинге берді.

Сөйтіп, Геннадий Головкин жекпе-жек өткізбей-ақ, WBC белбеуінің иегері атанды.

Кәсіпқой бокстағы тағы бір чемпиондық белбеуі WBO (Дүниежүзілік бокс ұйымы) британиялық боксшы Билли Джо Сондерсте.

Айта кетейік, Геннадий Головкин 24 сәуір күні өзінің 35-ші жекпе-жекгін өткізіп, америкалық боксшы Доминик Уэйдті 2 раундта нокаутпен жеңген болатын.

Хабарламаларға жазылу