«Еуразия барысы». Ержан Мағауинов 1,5 минут ішінде таза жеңіске жетті
Дәл қазір «Алматы арена» спорт кешенінде қазақ күресінен осымен бесінші рет ұйымдастырылып отырған «Еуразия барысы» халықаралық турнирі өтуде.
Алматы қаласының құрамасы мен Грузия командасы арасындағы кездесуде 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін палуандар күш сынасты. Боз кілемге өзара кім мықтыны анықтауға алматылық Ержан Мағауинов пен грузиялық Иракли Купатадзе шықты.
Тартысты белдесуде кездесудің алғашқы секундтарынан ширақ қимылдап, 1,5 минуттың ішінде айқын басымдықпен жеңіске жетті. Осылайша, жалпы есеп әзірге Алматы құрама командасының пайдасына 2:0 болды.
Еске сала кетейік, «Еуразия барысы» турнирін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Каратэшілер 5 медаль ұтты
22.09.2026, 13:21
Алакөл жағалауына қуатты электр желісі тартылып жатыр
22.09.2026, 13:12
Ресей қатерлі ісікке қарсы бірнеше вакцинаны сынауда
22.09.2026, 13:09
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 13:06
Неміс автоконцерні төрт зауытты жабуды жоспарлап отыр
22.09.2026, 13:03
Рөлін сол жаққа ауыстырып алған көлікпен жолаушы тасуға болмайды
22.09.2026, 13:00
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 12:34
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07