Алматылық 700 бала киокушинкай каратэден белбеулерін қорғау үшін сынақ тапсыруда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық 700 бала киокушинкай каратэден белбеулерін қорғау үшін сынақ тапсыруда

14.12.2017

Аттестацияға 8 жастан асқан спортшылар жиналды. Негізі бұл спорт түріне бес жастан қабылданады. Қазір киокушинкай каратэге қызығушылық танытқан жас жеткіншектер көбейді. Мысалы, елімізде 25 мың адам осы спортпен айналысады. Көбісі халықаралық жарыстарда өнер көрсетіп, жетістікке жеткендер. «Енді келер жылы осы деңгейден төмендемей Әлем мен Еуропа біріншіліктерінде топ жаруға талпынып жатырмыз», - дейді жаттықтырушылар.

Тәжімұрат Найзабеков, Бүкілқазақстандық «Киокушинкай каратэ» ұйымының президенті:

- Киокушинкай каратэден Қазақстан құрама командасының деңгейі жақсы. Әлемдік рейтингте қазір бірінші орында тұрмыз. Осы жылы Океанавадағы 4 жылда бір рет өтетін ерлер мен әйелдер арасындағы Әлем чемпионатында Қазақстан құрама командасы бірінші орын алды.

 

Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу