Илья Ильин 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Илья Ильин 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуы мүмкін

11.12.2017

Ол үшін алдымен медициналық сараптамалардың қорытындысы дұрыс болуы тиіс. Бүгін баспасөз жиынында спортшының өзі осылай мәлімдеді. Егер Олимпиада ойындарына қатысуға кандидатурамды ұсынсам, көп жұмыстар атқаруым керек. Ең алдымен лайықты команда жасақтау қажет. Одан соң қай салмақ дәрежесінде өнер көрсететінімді шешу керек. «Әрине, Олимпиада чемпионы болу үшін тынбай жаттығу керек», - деді ол.  

Илья Ильин, ауыр атлет:

- Мен әлі жаспын. 29-дамын. Өнер көрсету үшін әлі барлық мүмкіндігім бар. Қаншама жұмыстар атқарылғаннан кейін спорттық мансабымды тоқтатып тастап, басқа жолды таңдасам дұрыс болмайды. Спорттық жетекшілермен ақылдасып, барлық кедергілерді сараптауымыз керек. Бірінші кезекте менің денсаулығым. Дәл қазір барамын, алтын аламын деп те айтуға болмайды. Ол үшін жан-жақты жұмыс істеуіміз керек. 

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу