Илья Ильин Анатолий Храпатый атындағы турнирге қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Илья Ильин Анатолий Храпатый атындағы турнирге қатысады

02.06.2014
Илья Ильин Анатолий Храпатый атындағы турнирге қатысады
Ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада жеңімпазы және үш дүркін Әлем чемпионы  Илья Ильин шілде айында Алматыда өтетін Анатолий Храпатый атындағы турнирде бақ сынайды. Спортшы Еуропадағы оқу-жаттығу жиынынан оралды. Енді дайындығын екі ай бойы Астанада жалғастырады.
 
Сонымен қатар, қараша айында Алматыда өтетін Әлем чемпионатына қатысу жоспарланған. Бұл чемпионатта қазақстандық Олимпиада чемпиондары Майя Манеза, Светлана Подобедова және Зульфия Чиншанло сынға түседі.
 
Илья Ильиннің басты мақсаты – 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына қатысу.
 

Хабарламаларға жазылу