WSB. Кездесу Левиттің жеңісімен аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

WSB. Кездесу Левиттің жеңісімен аяқталды

11.01.2014
«Astana Arlans» пен «Poland Hussars» кездесуін аса ауыр салмақтағы боксшылар қорытындылады. Бұл салмақта «арландардың» тәжірибелі боксшысы Василий Левитке сенім артылды. Қостанай бокс мектебінің мектебі бұл маусымда өткізген екі жекпе-жекті жеңіспен аяқтаған еді.
 
Ол бұл жолы польшалық боксшы Лукаш Зигмунтты жеңді. Бұл жеңістен кейін  «Astana Arlans» сырт алаңда «Poland Hussars» командасын 4:1 есебімен ұтты. Сергей Корчинский шәкірттері келесі кездесуін 18 қаңтарда әзірбайжандық «Baku Fires»-пен өткізеді.

Хабарламаларға жазылу