Еуропа Лигасы. «Қайрат» сырт алаңда сербиялық «Црвена Звезда» командасын ұтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа Лигасы. «Қайрат» сырт алаңда сербиялық «Црвена Звезда» командасын ұтты

03.07.2015
Еуропа Лигасы. «Қайрат» сырт алаңда сербиялық «Црвена Звезда» командасын ұтты

Ойынның 3-ші минутында «Црвена Звезда» клубының қорғаушысы Саво Павичевич қызыл қағаз алды. Осыдан кейін қазақстандық команда бірнеше қауіпті сәттер ұйымдастырып, матчтың 45-ші минутында Қазақстан чемпионатының үздік шабуылшысы Жерар Гоу гол соқты. Ал, 64-ші минутта Ермек Қуантаев есепті еселеп, «Қайратқа» жеңіс әкелді.

Енді Владимир Вайсс шәкірттері 9 шілде күні Алматыда қарымта ойын өткізеді. Сонымен қатар, Еуропа Лигасының бірінші кезеңінде басқа да қазақстандық командалар ойындарын аяқтады. «Ақтөбе» өз алаңында эстониялық «Нымме Калью» клубына 0:1 есебімен есе жіберсе, шымкенттік «Ордабасы» израильдік «Бейтароммен» 0:0 есебімен тарқасты.

Хабарламаларға жазылу