«Астана» баскетбол клубы жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» баскетбол клубы жеңіске жетті

18.01.2014
«Астана» баскетбол клубы жеңіске жетті
Қазақстандық команда ВТБ лигасының 12-турында сырт алаңда «Красные Крылья» командасымен кездесіп, 77:66 есебімен басым түсті.
 
«Астана» құрамынан ең үздік нәтижені Джереми Джонсон көрсетті. Ол 15 ұпай жинады. Оласени Лавал — 14, Янис Блумс — 13, Бранко Цветкович — 12, Пэт Калатес — 5.

26 қаңтар күні «Астана» өз алаңында  Волгоградтың «Красный Октябрь» командасын қабылдайды.

ВТБ лигасы. 12-тур.

«Красные Крылья» (Самара, Ресей) — «Астана» (Астана, Қазақстан) 66:77 (14:16, 10:18, 19:18, 23:25).

Хабарламаларға жазылу