Алматыда Қазақстанның бірінші ашық параби конгресі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Қазақстанның бірінші ашық параби конгресі өтті

21.09.2017

«Арбадағы би – өмірді өзгертетін спорт». Алматыда осындай атаумен Қазақстанның бірінші ашық параби конгресі өтті. Жиынға мүмкіндігі шектеулі қазақстандық спортшылармен бірге шетелдік қонақтар да қатысты. Олар осы би өнерінің тірек-қимыл аппараты зақымдалған адамның физикалық дамуы үшін маңызды екендігіне тоқталды. Сондай-ақ, 2020 жылы Жапонияда өтетін Паралимпиада ойындарының құрамына кіретін жаңа спорттың қазіргі дамуы талқыланды. Ал, конгресс аясында арбадағы биден еуропалық және латынамерикалық әдістер бойынша шеберлік сабақтары да өткізілмек.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу