Алматыда Қазақстан хирургтерінің VI Конгресі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Қазақстан хирургтерінің VI Конгресі өтті

23.04.2015
Алматыда Қазақстан хирургтерінің VI Конгресі өтті

Алматыда «XXI ғасыр хирургиясы: қазіргі кeзеңі және болашағы» атты Қазақстан хирургтерінің VI Конгресі өтті. Төрт күнге созылған жиынға әлемге беделді шетелдік ғалымдар қатысты.

Қазақстанның Хирургтер конгресі практикалық және теориялық білім алмасудан бөлек, отандық және шетелдік ғалымдар арасында байланысты нығайтатын - алтын көпір. 

Конгресте отандық хирургия саласын дамытудың түрлі аспектілері талқыланды. 

Сондай-ақ, А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталығында шеберлік сыныптары өткізілді.

 

Құлмахан САЛЫБЕК 

Хабарламаларға жазылу