Алматыда хирургтардың V Конгресі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда хирургтардың V Конгресі өтті

25.04.2014
Алматыда хирургтардың V Конгресі өтті
Еліміз бойынша биыл бүйрек трансплантациясын жасауды қажет ететін науқастардың саны - 2000, бауыр -1200,   жүрек сырқатымен 200 адам кезекте тұр. 
  
 Осы дертке шалдыққан науқастарды ауруынан айықтыру үшін отандық хирургтер жаңа инновациялық технологиялардың көшінен қалмауы керек. Бұл мәселе Алматыда өткен хирургтардың V Конгресінде айтылды.
  
 Халықаралық кеңеске келгендер медицинадағы соңғы жаңалықтармен бөлісіп, өзара тәжірибе алмасты.Түрлі операцияларды жасай отырып, өлім-жітім көрсеткішін төмендетуге күш салу керектігіне тоқталды.
  
 Әсіресе, аурудың алдын алуда дәрігерлер кеңесін халық арасына насихаттауда БАҚ өкілдерінің көмегі қажет. Осындай салалы іске атсалысқан бірнеше баспасөз қызметін марапаттады.
  
 Соның ішінде арнамыздан шығатын «Айтуға оңай...» ток-шоуы «Ең үздік бағдарлама» номинациясы бойынша үздік атанды. 
 
Жеткерген Арзықұлов, А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының директоры: 
Осы жылы Сызғанов хирургия орталығы бүйрекке 40, бауырға 21, жүрекке 5 трансплантация жасайды. Бірінші рет ел хирургиясы тарихында өкпе трнсплантациясын жасайын деп отырмыз. Елбасы айтқан 30 елдің қатарына қосылу үшін экономика жағдайында ғана емес, медицина жағынан да мықты болуымыз керек. 
 
Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу