Қазақ күресінен ХІ республикалық «Қазақстан Барысы» турнирінің ақтық сыны Елордада өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ күресінен ХІ республикалық «Қазақстан Барысы» турнирінің ақтық сыны Елордада өтеді

27.06.2022

Қазақ күресінен ХІ республикалық «Қазақстан Барысы» турнирінің ақтық сыны елордада өтеді. Шешуші кезеңге жолдама алған палуандар 3-ші шілдеде «Барыс-Аренада» бақ сынайды. Сәуір-мамыр айларында өткен іріктеу жарыстарына 5 мыңға жуық спортшы қатысты. Нәтижесінде ең мықты деген 36 палуан ақтық сынға жолдама алды. Олардың арасында елге танымал Мұхит Тұрсынов, Еламан Ерғалиев, Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбаев бар. Жарысқа былтырғы жылдың жеңімпазы Дәурен Нұрәлиев пен екі дүркін «Қазақстан Барысы» Айбек Нұғымаров қатыспайды. Боз кілемдегі жекпе-жектерді «Qazsport» арнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу