6-қыркүйекте Қанат Ислам мен қарсыласы Брэндон Куктің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді
Осы күздің басты спорттық оқиғаларының бірі – Кәсіпқой бокс кешінің өтуіне санаулы күндер қалды. Шара 9-қыркүйекте «Астана EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында ұйымдастырылады.
6-қыркүйекте сағат 13:00-де республикалық «Сарыарқа» велотрегінде жарыста өнер көрсететін қазақстандық боксшылардың қатысуымен кеңейтілген баспасөз мәслихаты өтеді. Жиынға осы күнге дейін ешкімнен жеңіліп көрмеген қос боксшы – Қанат Ислам мен Брэндон Кук және олардың промоутерлері қатысады.
Айтулы былғары қолғап шеберлері сол кеште бірінші орта салмақтағы WBA Inter-Continental және WBO-NABO нұсқалары бойынша чемпиондық атақты сарапқа салады. Сондай-ақ, айтулы додада Жанқош Тұраров, Жәнібек Әлімханұлы, Мейірім Нұрсұлтанов, Руслан Мырсатаев, Әли Ахмедов, Айдос Ербосынұлы, Димаш Ниязов және Руслан Жанабаев сынды саңлақтарымыз шаршы алаңға шығып, жарыс көрігін қыздырады. Отандастарымыз әлемнің беделді боксшыларымен күш сынасады.
Кәсіпқой бокс кешінің басты серіктестері: ҚР Мәдениет және спорт министірлігі, «Астана ЭКСПО-2017 ҰК» АҚ, «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқаты қоры, Астана қ. әкімшілігі, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары.
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары бокс кешін тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы