Астанада аударыспақтан өтетін халықаралық турнирдің жүлде қоры - 5 млн.700 мың теңге
Аударыспақтан халықаралық ашық турнирде бас жүлдені жеңіп алған түйе палуанға 1 миллион теңге көлемінде сыйақы беріледі. Бұл туралы бүгін Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан мәлімдеді. Төл спортты насихаттайтын байрақты бәсекенің жалпы жүлде қоры - 5 миллион 700 мың теңге. Білектілер айқасына қазірде Венгрия, Ресей, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан және Қырғыз елінің өкілдері қатысуға ниет білдіріп отыр. Олардың арасында тіпті америкалық палуан да бар. Ал, бұл сайыста еліміздің намысын Біржан Қосалиев пен Сырым Ізбасаров сынды азулы майталмандар қорғамақ. Тамыздың 17-і мен 18-і аралығында «Қазанат» ипподромында өтетін бәсеке «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесіне орайластырылған.
Елдос САПАРҒАЛИ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12