Астанада жамбы атудан халықаралық жарыс өтті
Астанада аттың құлағында ойнап, құралайды көзге атқан үздік мерген анықталды. Елімізде жамбы атудан алғаш рет «Алтын жебе» халықаралық жарысы өтті. Оған Жапония, Малайзия, Польша, Түркия, Өзбекстан сынды 11 мемлекеттен 19 спортшы қатысты. Мергендердің арасында қыздар да бар. Жарыстың жүлде қоры - 4,5 миллион теңге. Бірінші орынды Румыниядан келген спортшы еншілеп, екінші, үшінші орындарды қазақстандықтар қанжығасына байлады. Спорттық шарада ел намысын 5 ойыншы қорғаған еді. Біріншілік жапондық шабандоздардың «Ябусаме» атты қойылымымен басталды. Себебі, Жапонияда садақ ату өнерінің мыңжылдық тарихы бар.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12