Қазақ садақшылары Әлем кубогында топ жарды
Қытайдың Шанхай қаласында өткен садақ ату спортынан Әлем кубогының бірінші кезеңінде топ жарған Қазақстан құрамасы елге оралды. Оларды Алматы әуежайынан жанкүйерлер мен Садақ ату спорты федерациясының өкілдері салтанатты түрде күтіп алды.
Айта кетейік, біздің жігіттер Оңтүстік Корея командасының үздік шеберлерімен бақ сынасып, құралайды көзге атқан мерген екендіктерін дәлелдеді. Бұл - қазақ садақшыларының Әлем кубогында иеленген алғашқы алтын жүлдесі. Енді спортшыларымыз алдағы уақытта өтетін басқа да жарыстарға дайындықты пысықтауға кіріседі.
Нұрлан Асқарұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12