Биыл «Ұлы дала ойындарына» 600 спортшы қатысады
Биыл «Ұлы дала ойындары» республикалық фестиваліне еліміздің барлық өңірінен 600 спортшы қатысады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәжілісінде қалалық Денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әбіл Дөңбай айтты. Оның сөзінше, «Спорттық Алматы» жобасы аясында дәстүрлі жарыстың жалпы жүлде қоры 24 млн теңге. Спортшылар аламан бәйге, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, тоғызқұмалақ, асық ату, жамбы ату және қазақ күресі сияқты ұлттық спорттың он тоғыз түрінен бақ сынайды.
Айта кетейік, осы маусымда қаланың атшабарында жүлде қоры 80 млн теңге болатын 89 бәйге өткізу жоспары бар.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12