Арыстанбек Мұхамедиұлы Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Геннадий Головкинді америкалық Дэниэл Джейкобспен жекпе-жектегі кезекті жарқын жеңісімен құттықтады.
«Қымбатты Геннадий Геннадьевич! Сені бүгінгі жеңісіңмен және өз атақтарыңды табысты қорғауыңмен құттықтаймын! Күшті әрі лайықты қарсыласыңмен адал тартыста қайтпас қайсарлығыңды, өр рухыңды және тамаша дайындығыңды көрсеттің. Көшбасшы екеніңді кезекті рет дәлелдеп, халықаралық деңгейде Қазақстан имиджін көтердің», - делінген боксшыға жіберілген министрдің жеделхатында.
«Бұл жеңіс көктемгі Наурыз мерекесі қарсаңында бокссүйер қауымға және қазақстандық жанкүйерлерге өте жақсы сыйлық болды», деп атап өтті Мұхамедиұлы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12