Азиада-2017. Коньки жарысынан жерлесіміз Денис Кузин күміс жүлдегер атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азиада-2017. Коньки жарысынан жерлесіміз Денис Кузин күміс жүлдегер атанды

21.02.2017
Азиада-2017. Коньки жарысынан жерлесіміз Денис Кузин күміс жүлдегер атанды

Бүгін Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ Қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының өкілдері төртінші медальды жеңіп алды.

Коньки жарысынан 1000 метр қашықтықта жерлесіміз Денис Кузин мәре сызығын екінші болып кесіп, Қазақстан қоржынына екінші күміс жүлдені салды.

Бұл сайыста жапон спортшысы Такуро Ода чемпион атанды. Ал, үшінші орынға күншығыс елінің тағы бір спортшысы Шунсуке Накамура табан тіреді.

Денис Кузинннің жүлдесі - бүгінгі Қазақ спортшыларының жеңіп алған үшінші жүлдесі. Осыған дейін жарыстың екінші күні шаңғышы аруымыз Елена Коломина күміс еншілесе, бүгін бір қоланы жеңіп алды. Ал одан кейін ерлер арасында тағы бір шаңғышымыз Ринат Мухин 15 шақырымдық жарыста 41 минут 25,3 секунд нәтижесімен чемпион атанған болатын.

Қазақстан құрамасы әзірге 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медальмен төртінші орында.

Хабарламаларға жазылу