Елена Коломина ел қоржынына екінші жүлдені салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елена Коломина ел қоржынына екінші жүлдені салды

21.02.2017
Елена Коломина ел қоржынына екінші жүлдені салды

Бүгін Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ Қысқы Азия ойындарында қазақстандық шаңғышы Елена Коломина ел қоржынына екінші жүлдені салды.

Спортшы кеше шаңғы жарысынан классикалық жүріспен жеке спринт (1,4 шақырым) жарысында екінші орынды жеңіп алып, қазақстандық спортшылардан алғашқы болып  VІІІ Қысқы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанған болатын. Бүгін 10 шақырымды еркін жүгірістен қола медальді жеңіп алды.

Бүгінгі сайыста жүлдегерімізден бөлек, Марина Матросова, Дарья Ряжко, Анжелика Тарасова сайысқа шықты. Алайда, спортшыларымызға жүлде бұйырмады.

Хабарламаларға жазылу