Қанат Ислам Робсон Ассисті нокаутқа жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қанат Ислам Робсон Ассисті нокаутқа жіберді

18.02.2017
Елі сенді, ері жеңді! Қанат уақытты созбады. Ассисті ары-бері қозғады, қайта-қайта есеңгіретті, соңында сұлатты. Бар болғаны бір-ақ раунд. Әрине, Қанат Исламның жеңіске жетеріне жанкүйерлері сенді.

Бірақ, Американың Уилмингтон қаласындағы жекпе-жектің тым қысқа боларын ешкім бағамдамаған болар. Соның өзінде шаршы алаңдағы кездесу тартысты демесек те, тартымды әрі әсерлі болды.

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу