ҚХЛ. «Барыс» - «Авангард» - 4:1 - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚХЛ. «Барыс» - «Авангард» - 4:1

09.03.2015
ҚХЛ. «Барыс» - «Авангард» - 4:1

Астаналық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасы плей-офф кезеңі аясында өткен алтыншы ойынында Ресейдің «Авангард» хоккей клубын қабылдап, 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Тартысты ойынның бірінші кезеңінде гол соғылмады.

Ал, екінші кезеңнің басында Роман Савченко есеп ашса, сәлден кейін Роман Старченко есепті еселей түсті.

Ойын аяқталғанша «Барыс» сапындағы Найджел Доус пен Константин Пушкарев бір-бір шайбадан соғып, қорытынды есепті 4:1-ге жеткізді.

Ендігі шешуші жетінші кездесу 10-наурыз күні Омбыда өтеді.

 

Рустам БАЙДӘУЛЕТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу