Қазақстандық теннисшілер Федерация кубогында индонезиялықтарды жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық теннисшілер Федерация кубогында индонезиялықтарды жеңді

06.02.2014
Қазақстандық теннисшілер Федерация кубогында индонезиялықтарды жеңді
Теннистен Қазақстан құрамасы Азия/ Мұхит аумағы Федерациясы кубогы үшін тартыста Индонезия құрамасын 3:0 есебімен жеңді.
 
Алдымен команданы алға шығарған Юлия Путинцева. Ол екі сетте де Геравита Медианды – 6:2; 6:1 есебімен басып озды. Бұдан соң Ярослава Шведова Лавиния Танантоны 6:3, 6:1 есебімен жеңіп,  ұлттық құрамаға жеңіс сыйлады.
 
Ертең қазақстандық теннисшілер Тайланд құрамасымен кездеседі.

Хабарламаларға жазылу