2016 жылдағы еліміздің жарқын жеңістері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2016 жылдағы еліміздің жарқын жеңістері

30.12.2016
2016 жылдағы еліміздің жарқын жеңістері

2016 жыл қазақстандық спортшылар үшін сәтті өтіп, бірқатар айтулы жеңістерге қол жеткізген болатын. Солардың ең негізгілерін еске алсақ. 

Рио Олимпиадасындағы Данияр Елеусіновтың алтын жүлдесі

Қазақстандық боксшының төртжылдықтың басты додасында жеңіске жететіне ешкімнің күмәні болған жоқ. Оның алтыны - қазақстандықтардың 69 келі салмақтағы қатарынан төртінші жеңісі.

Дмитрий Баландиннің сенсациясы

21 жастағы жас дарын жеңіске жетеді дегенге көпшілік сенбеді. Бірақ, Дмитрий Қазақстанды ғана емес, күллі әлемді таң қалдырып, азулы ресейлік және америкалық жүзгіштерді басып озып, «Қазақстандық Фелпс» атанды.

Нижат Рахимовтың ерлігі

Қазақстандық ауыратлет жаңа әлем рекордын орнатып, өз жеңісін би билеп тойлаған болатын.

Паралимпиада ойындарындағы алғашқы алтын

Зульфия Габидуллина әлем және паралимпиада рекордын жаңартып, еркін стильмен 100 метрге жүзуден алтын жүлдеге ие болды.

Қазақстан футзал құрамасының Еуропа чемпионатында қола жүлдегер атануы

efwefewfewf

Сербияда өткен біріншілікте қазақстандықтарды тек қана болашақ Еуропа чемпиондары - Испания құрамасы тоқтатты. 

Автоспорттағы триумф

fgsdfgfdsgsd

«Mobilex Racing» командасының намысын қорғайтын Қанат Шагиров классикалық дакарлық маршрут бойынша өтетін «Africa Eco Race-2016»  раллиінде топ жарып, қазақстандықтарға жеңіс сыйлады.

Головкиннің екі жеңісі 

Отандасымыз сәуірде америкалық Доминик Уэйдті нокаутқа жіберсе, қыркүйекте Келл Брукті тізе бүктірткен еді. 

«Астана» ФК-ның Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы жеңісі

мвывмывмыв

Бесінші турда астаналықтар Кипрден келген АПОЭЛ-ді 2:1 есебімен ұтып, клубтар арасындағы еуропалық турнирлердің топтық кезеңінде жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық клуб болды.

Шорт-тректегі сенсация

ьбоблбшг

АҚШ-та өткен Әлем чемпионатының кезеңінде қазақстандық спортшы  Абзал Әжіғалиев тағы да бір тарихи сәттің қаһарманы атанып, еліміздің тарихындағы шорт-тректегі алтын жүлдеге ие болды.

2017 жылы отандастарымыз бұдан да биік белестерден көрінетініне сенеміз.

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Асқар Нуртасов

Хабарламаларға жазылу