Геннадий Головкиннің жеңістері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкиннің жеңістері

08.04.2015
Геннадий Головкиннің жеңістері

2006 жыл. 6 мамыр. Кәсіпқой бокстағы алғашқы қарсыласы Габор Балогты ұтты.

2006 жыл. 29 шілде. Сергей Наварканы да қарсылас құрлы көрмеді.
2006 жыл. 22 тамыз. Даниэль Урбанскиден басым түсті.

2006 жыл. 19 қыркүйек. Мартинс Кукулис Генаға лайықты қарсылық таныта алмады.

2006 жыл. 21 қазан. 6 раундтық кездесуде Хорхе Ариэль Гарсияны жеңіп шықты.

2006 жыл. 2 желтоқсан. Сильвен Гомисті ұтты.

2007 жыл. 27 ақпан. Саймон Мокоенаны Германияды өткізген кездесуде тізе бүктірді.

2007 жыл. 27 мамыр. Кельнде Сергей Хомитскиді де жеңіліске ұшыратты.

2007 жыл. Қыркүйек. Мехди Боудланың 8 раундта ұпай санымен жеңеді.

2008 жыл. 29 ақпан. Тшепо Машегомен өткізген кездесуде Геннадий айқын басымдық танытты.

2008 жыл. Сәуір. Иана Гарднераны ұтады.

2008 жыл. 10 мамыр. Ибрагим Сидті де көпке созбай жеңіп кетті.

2008 жыл. 11 маусым. Амар Амари де Геннадий Головкиннен ұтылды.

2008 жыл. Қараша. Дзиарраны 2 раундта құлатады.

2009 жыл. 25 сәуір. АҚШ боксшысы Энтони Гриниджді де қиналмай ұтты.

2009 жыл. 11 шілде. Алғаш рет 12 раундтық бәсекеге шығады. 
Бразилиялық Джон Андерсон Карвальюді нокаутпен жеңеді.

2009 жыл. 17 қараша. Аргентиналық Хавьер Альберто Маманидің қолы бүгілді.

Мұнан кейін Михаил Макаровтың жеңіуіне мүмкіндік бермеді.

2010 жыл. Тамыз. Колумбиялық Милтон Нуньесті 1-ші раундта-ақ құлатып салады.

2010 жыл. Желтоқсан. Панамалық Нельсон Хулио Тапианы 3-ші раундта нокаутқа жібереді.

2011 жыл. Геннадий Кассима Оума мен Лахуана Саймонды нокаутпен жеңеді.

2012 жыл. Үшінші раундта жапониялық қарсыласы Макотто Фучигами Генаның соққысына төтеп бере алмады.

2012 жыл. 1 қыркүйек. Г.Головкиннің кезекті қарсыласы польшалық Гжегож Прокса жеңілісін мойындаған.

2013 жыл. 19 қаңтар. Пуэрторикалық Габриэль Росадоны жеңді.

2013 жыл. 30 наурыз. Жапон Нобухиро Ишида Генадан таяқ жеді.

2013 жыл. 29 маусым. Әйгілі қарсылас атанамын деген Мэттью 
Маклинді үшінші раундта бүйректен ұрып құлатты.

2013 жыл. 2 қараша. Кертис Стивенсті сұлатып салды.

2014 жыл. 1 ақпан. Ганалық Осуману Адаманы қиналмай жеңді.

2014 жыл. 26 шілде. Австралиялық атақты Дэниел Гилдің өзін сабады.

2014 жыл. 18 қазан. Мексикалық Марко Антонио Рубионы ұзаққа созбай-ақ құлатты.

2015 жыл. 21 ақпан. Британиялық Мартин Мюррейді 11 раунда техникалық нокаутпен ұтты.

Айта кетейік, Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін 16 мамыр күні америкалық боксшы кіші Монроға қарсы өткізеді.

Хабарламаларға жазылу