Қуаныш Сұлтанов: Астана еліміздің жарқын болашағы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қуаныш Сұлтанов: Астана еліміздің жарқын болашағы

06.07.2015
Қуаныш Сұлтанов: Астана еліміздің жарқын болашағы

Астанамыз Астана болғалы еліміздің басты шаралары ішінде бітеқайнасып жүрген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қуаныш Сұлтанов пен Оразгүл Асанқазықызы «Таңшолпанда» қонақта.

«Астана дегенде ең алдымен адамның санасына алғаш ұлт болып жаңару келеді. Бүгін Елорданың жобасын іске асырған, Астананың төл сәулетшісі, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні қала күнімен сәйкес келуі халық үшін ұлт үшін маңызды оқиға, деп есептеймін. Елбасымен Қазақ халқын екі мерекемен шын жүректен құттықтаймын», - дейді Қуаныш Сұлтанов.

«Елорданы Қазақтың бойтұмары дейтін болсақ, сол бойтұмарды күн сайын жаңартып, сақтап отырған Елбасының еңбегі. 1997 жылғы Астанаға ең алғаш келгенімде қаланың барлық көшелері орысша болатын. Елбасы Астанаға келе салып, 27 көшенін атын қазақшаға ауыстырған еді», - дейді Оразгүл Асанқазықызы.

Хабарламаларға жазылу