Астанада «Чемпиондар аллеясы» ашылды (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Чемпиондар аллеясы» ашылды (ФОТО)

05.10.2016
Астанада «Чемпиондар аллеясы» ашылды (ФОТО)

Бүгін Риодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері елордалық Ғашықтар саябағында ағаш отырғызды. Спорт жұлдыздарының жаңа аллеясына төртжылдықтың басты додасында олжалаған әр медальдің құрметіне 19 тянь-шань шыршасы егілді.

Шараға Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов, күміс жүлдегерлер Әділбек Ниязымбетов пен Василий Левит, Гюзель Манюрова, қола жүлдегерлер Екатерина Ларионова, Дариға Шәкімова, Иван Дычко, Карина Горичева және Фархад Харки, сондай-ақ, Паралимпиада чемпионы Зүлфия Ғабидуллина, күміс жүлдегер Раушан Қойшыбаева қатысты.

1

2

3

4

5

6

Дереккөз: http://astana.gov.kz

Фото: http://vesti.kz

 

Хабарламаларға жазылу