Параканоэдан алғашқы Азия чемпионатында қазақстандықтар күміс пен қола медальға ие болды (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Параканоэдан алғашқы Азия чемпионатында қазақстандықтар күміс пен қола медальға ие болды (ФОТО)

28.09.2016
Параканоэдан алғашқы Азия чемпионатында қазақстандықтар күміс пен қола медальға ие болды (ФОТО)

Бүгін Самарқандта өтіп жатқан параканоэдан Азия чемпионатының бірінші күні қазақстандық параканоэлықтар алғашқы медальдарды ел қоржынына салды. Күміс жүлдеге Жалғас Тайкенов ие болса, қола медаль Жаңыл Балтабаеваға бұйырды.

Параканоэ – мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған есу спортының түрі.

Параканоэдан Азия чемпионаты және байдарка мен каноэ есуден Азия кубогінде 15 елден 210 спортшы қатысады.

Айта кетейік, 2016 жылдың 28 қыркүйегі пен 3 қарашасы аралығында көрші Өзбекстанда өтетін жарыстарда «Kazsport» телеарнасының түсірілім тобы жұмыс істейді. Толық ақпаратты телеарна жаңалықтары мен сайтынан біле аласыздар.

 

14

123

Хабарламаларға жазылу