Қазақстандық жас шахматшылар Әлем чемпионатында екі медаль иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық жас шахматшылар Әлем чемпионатында екі медаль иеленді

30.09.2014
Қазақстандық жас шахматшылар Әлем чемпионатында екі медаль иеленді

Қазақстан құрамасы шахматтан жасөспірімдер мен қыздар арасында Оңтүстік Африка Республикасының Дурбан қаласында өткен Әлем чемпионатында командалық үшінші орынға ие болды.

«Әлем чемпионатының (World youth chess championship 2014) қорытындысы бойынша Қазақстан екі медаль алды. 18 жасқа дейінгілер санатында алтын жүлде Динара Сәдуақасоваға бұйырса, 10 жасқа дейінгілер санатында Бибісара Асаубаева күміс медальға ие болды», - деп хабарлады Шахмат федерациясы.

 

Фото: Азаматхан Әміртайдың Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасынан

Хабарламаларға жазылу