Риодағы Паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальді суда жүзуден Зүлфия Ғабидуллина салды. Ол 100 метр қашықтықта еркін жүзуден сынға түсіп, әлем рекордын жаңартты.
Бұл туралы ҚР Паралимпиада комитетінен хабарлады.
Бұл Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын. Бұған дейін біздің спортшылар 1996 жылдан бері 5 Жазғы Паралимпиада ойындарына қатысқанымен де, медальдарға ие болмаған.
«Міне, бұл медаль - алтын», деп өзінің Инстаграм парақшасында жазды Қазақстанның Паралимиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев.
Зүлфия Ғабидуллинаның медалі жалпы есепте Қазақстанды 16-орынға орналастырды.
Жамбыл облысының тумасы бірнеше мәрте Әлем чемпионы атанып қана қоймай, әлем рекордтарын да жаңартқан.
Естеріңізге сала кетейік, «Kazsport» телеарнасында әр күн сайын Паралимпиада ойындарына арналған күндізгі және кешкі күнделіктер шығады.
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на abctv.kz
Подробнее: http://abctv.kz/ru/last/7078
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на abctv.kz
Подробнее: http://abctv.kz/ru/last/7078
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на abctv.kz