«Қазақстан» ұлттық арнасында Қанат Ислам мен Хуан де Анхель арасындағы жекпе-жектің тікелей көрсетілімі жүріп жатыр

Кәсіпқой бокстан WBA Fedelatin және WBA FideCaribe нұсқалары бойынша Әлем чемпионы Қанат Ислам мен Хуан де Анхель арасындағы бокстың тікелей көрсетілімі «Қазақстан» ұлттық арнасында басталды. АҚШ-тың Флорида штатындағы Лейкленд қаласында өтіп жатқан бокс кешіне жоспарланған бірнеше кездесу қазіодің өзінде аяқталып үлгерген. Дегенмен, Қанат Ислам мен Хуан де Анхель арасныдағы жекпе-жек сәл кейінірек өтеді.
Бұл жерлесіміз Қанат Исламның 21-і кездесуі. Ол бұған дейінгі жиырма кездесуінің барлығында жеңіске жетіп, оның 17-ісінде қарсыластарын накаутпен сұлатқан. Қанат Ислам 2012 жылдан кәсіпқой бокста өнер көрсетіп жүр.
Жерлесіміздің қарсыласына келсек, ол да осал боксшы емес. колумбиялық Хуан Де Анхель 2008 жылдан бері кәсіпқойлар арасында жекпе-жектер өткізіп келеді. Шаршы алаңдағы 22 кездесуінде ол ең алғашқы жекпе-жегін тең нәтижемен аяқтап, үш кездесуде қарсыластарына есе жіберсе, 18 рет жеңіс тұғырына көтерілген. Екі боксшы да АҚШ-та жаттығады әрі екеуі де «Nelson Lopez Jr» промоутерлігінің боксшылары.
Еске сала кетейік, бұл Қанат Исламның кәсіпқой бокстағы ұлттық арнадан тікелей көрсетіліп отырған алғашқы кездесуі. Жекпе-жекті АҚШ-тың «Bounce» телеарнасы да тікелей көрсетеді.
Кеше екі боксшы кездесу алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Қанат Исламның салмағы 69,8 келі, ал оның қарсыласы колумбиялық Хуан де Анхельдің салмағы 69.3 келі болған еді.
Жекпе жекті телеарнаның сайтынан онлайн көруге болады.

Kaznews.kaztrk.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Іле-Балқаш» резерватында Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді
09.08.2026, 20:38
«Болашақ ойындары»: Биылғы турнир несімен ерекшеленді?
09.08.2026, 20:31
Аптап ыстық егінге қалай әсер етті?
09.08.2026, 20:22
«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
08.08.2026, 20:21
Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
08.08.2026, 20:18
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ал
08.08.2026, 20:17
Өнерді өнеге еткен Ерниязовтар отбасы
08.08.2026, 20:16
Дәстүр мен креатив
08.08.2026, 20:13