«MobilEx Racing Team» командасы Катарда өткен раллиде 4-ші орынды иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«MobilEx Racing Team» командасы Катарда өткен раллиде 4-ші орынды иеленді

23.04.2016
«MobilEx Racing Team» командасы Катарда өткен раллиде 4-ші орынды иеленді
Катарда «Sealine Cross-Country Rally 2016» жарысы өз мәресіне жетті. Осы сайыста бағын сынаған қазақстандық «MobilEx Racing Team» командасының нәтижесі - 4-ші орын.

Юрий Сазонов пен Дмитрий Цыро бастаған 207-ші нөмірлі экипаж жарыстың соңғы күні өздерінде бар уақытты ұстап қалуды көздеді.

Ауыр жолды бірқалыпты жүріп шыққан отандастарымыз негізгі бәсекелес германиялық Ютта Кляйншмидттен 21 минут озып келді.

Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу