«Әулие ата» командасы көкпардан еліміздің 14 чемпионы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әулие ата» командасы көкпардан еліміздің 14 чемпионы

28.04.2024

5-Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында, Қызылордада өткен көкпардан/ Қазақстан біріншілігінде Жамбыл облысының командасы жеңіске жетті. Осылайша, «Әулие ата» көкпаршылары, еліміздің 14 дүркін чемпионы болды. Шабандоздар, финалда Алматы облысының командасын 7:1 есебімен ойсырата жеңді. 40 минутқа созылған кездесуде, жамбылдық көкпаршы Құрманбек Тұрғанбек, үш салым салып, мықтылығын дәлелдеді. Ал қола жүлде үшін болған тартыста, түркістандық шабандоздар, Қостанай облысының көкпаршыларын қапы қалдырды. Есеп 7:6. 1 ұпай айырмашылығымен Түркістанның «Тұран» командасы 3-орынды иеленді. Көкпардан еліміздің 23-ші чемпионатына 300-ге жуық спортшы, 16 команда қатысты.

Нұркен Байбөриев, ҚР Ұлттық және ат спорты түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы:

Қуантатыны көкпардың жылдан жылға кәсіби деңгейде дамып жатқаны. Шеберліктерінің дамып жатқаны. Яғни біздің спорт мамандарының деңгейі көтерілуде. Тағы бір қуантатыны биыл екі команда қосылып отыр қатарға.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу